«Түрлі этнос өкілдері мемлекеттік қызметте, құқық қорғау органдарында» тақырыбындағы этносаяси дискурс

«Түрлі этнос өкілдері мемлекеттік қызметте,  құқық қорғау органдарында»  тақырыбындағы этносаяси дискурс

Бүгін, 19 тамызда Нұр-Сұлтан қ. ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының (бұдан әрі – Институт) этносаяси дискурсы алаңында онлайн форматта «Түрлі этнос өкілдері мемлекеттік қызметте, құқық қорғау органдарында» тақырыбында сарапшылық  кездесу өтті.

Этносаяси дискурс жұмысына ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, өңірлердің Ғылыми-сарапшылық топтарының, Институт жанындағы этносаралық қатынастар саласындағы сарапшылық тобының мүшелері және т.б. қатысты.

Өз ойларын Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Т.Қалиев, «Нұр Отан» қоғамдық саясат институтының директоры, ҚЭЗИ сарапшылар тобының мүшесі М.Нұрғалиева, ҚХА Кеңесінің мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің әдеп жөніндегі Кеңесінің мүшесі Ш.Исмаилов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры, ҚХА ҒСК мүшесі Б.Газдиева, Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ директоры Н.Рамазанова жеткізді.

Дискурстың негізінде Қазақстан Республикасының әрбір азаматы этникалық, діни және басқа да қатысына қарамастан, еңбек және қызмет саласындағы өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда тең мүмкіндіктерге ие екендігі туралы сөз қозғалды. Қатысушылар этносаяси дискурс тақырыбы бойынша өз ұсыныстарын айтып, пікір алмасты.