«Қазақстан жастарын тәрбиелеудің этномәдени дәстүрлері» республикалық семинары өткізілді

«Қазақстан жастарын тәрбиелеудің этномәдени дәстүрлері» республикалық семинары өткізілді

2021 жылы 16 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары З.Кузиевтің төрағалығымен «Қазақстан жастарын тәрбиелеудің этномәдени дәстүрлері» республикалық семинары өтті.

Семинарға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Ж.Әшімжан, В.Нәбиев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, «Қоғамдық келісім» РММ және КММ, ҚХА этномәдени бірлестіктерінің басшылығы мен қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының, «Жаңғыру жолы» ҚХА жастар қозғалысының өкілдері және т.б. қатысты.

Семинар барысында «Қоғамдық келісім» РММ және КММ-нің, этномәдени бірлестіктердің және білім беру мекемелерінің бейбітшілік және келісімді нығайтуға, қазақстандық патриотизм мен азаматтық бірегейлікті қалыптастыру, полиэтникалық Қазақстанның дәстүрлі мәдениетін тануға бағытталған жастармен жұмыс бойынша әлеуметтік маңызы бар жобалары кешенді қарастырылды.өз сөзінде Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин этносаралық қатынастар саласында жобаларды іске асырудағы жастардың рөлін атап өтті. Сонымен бірге жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған «Көшбасшы бол!», «100 жаңа есім: табысты болу жолдары», «Менің жетістігімнің тарихы – елімнің жетістігінің тарихы», «Prодвигай себя» ҚХА жобалары туралы баяндады.

«Жарасым» ҚХА жастар ұйымдарының төрағасы Т.Джумурбаев қоғамдық келісімді дамытудағы өркениеттер сабақтастығы туралы баяндады. «Наири» Қазақстанның армян мәдени орталықтары қауымдастығының төрағасы А.Карапетян, «Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштері қауымдастығының төрағасы А.Мұрадов жастарды патриоттық тәрбиелеудегі этникалық дәстүрдің біріктіруші рөлі туралы баяндады.

Жастарды этномәдени тәрбиелеудегі мектептердің жоғары рөлі туралы еліміздің түрлі өңірлеріндегі білім беру мекемелерінің және этномәдени бірлестіктердің басшылары қатысты.

Семинар нәтижесі бойынша жастарды қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қалыптастыруға бағытталған жобаларға одан әрі тарту бойынша ұсынымдар әзірленді.