«Қордай қақтығысы: себеп-салдары мен тәжірибесі» тақырыбына этносаяси дискурс

«Қордай қақтығысы: себеп-салдары мен тәжірибесі»  тақырыбына этносаяси дискурс

2020 жылғы 12 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының (бұдан әрі-ЭЗИ) алаңында «Қордай қақтығысы: себеп-салдары мен тәжірибесі» тақырыбына сараптамалық кездесу өтті.

Кездесу онлайн форматта өтті, оған Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелері қатысты, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин, сандай-ақ ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Еуразиялық интеграция институтының, Әулие Климент Охридски атындағы София университетінің, ҚЭЗИ сарапшылық тобтын, конфликтология мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшылар өкілдері қатысты.

Дискусия барысында талқылау тақырыбы бойынша түрлі пікірлер айтылды.

Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров өз сөзінде жанжалды жағдайлардың алдын алу үшін құқықтық аспектіні күшейту, сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігін жою және ел азаматтары үшін шоғырландырушы фактор бола алатын мемлекеттік тілдің рөлін арттыру бойынша жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Татьяна Дронзина құқықтық аспектінің үлкен рөлі бар және Заң тұрақтылық пен демократияның дамуының кепілі болуы керек деп қосты. Оның пікірінше, ЖАО мен құқық қорғау органдарын дағдарыстық пиарға, менеджментке, жанжалдарды басқаруға үйрету қажет.

Талқылау барысында Украина мен Ресейден келген халықаралық қатысушылар этносаралық қатынастар негізінде қақтығыс жағдайларының пайда болуына әсер ететін кейбір факторларды атап өтті, соның ішінде олар ықшам өмір сүру, этникалық топтардың жақындығы, демографиялық ерекшеліктер, мәдениеттер мен дәстүрлерді білмеу, сыртқы әсер, сыбайлас жемқорлық және т.б.

Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин жанжалды жағдайларды қарастыру кезінде аймақтық ерекшеліктерді ескеру қажет, оның ішінде кейбір елді мекендер мен оқиға орындарының алыстығына назар аудару қажет.

Сонымен қатар, сарапшылар жағдайды тұрақтандыруда БАҚ маңызды рөл атқаратынын және олар сенімді ақпарат алу мүмкіндігіне ие болуы керек екенін атап өтті. Бүгінгі таңда зерттеу нәтижелерінің болмауы конструктивті талқылауға мүмкіндік бермейді және жалған ақпараттың таралуына әсер етуі мүмкін.