
20 қарашада аудандық Мәдениет үйінде азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өткізілді.
ЖҚӘБ басшысы Бұжықаев Т.С. жеке қабылдауға қатысты, аудан тұрғындары жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, қиын өмірлік жағдайға (өрт) байланысты біржолғы әлеуметтік көмек көрсету және басқа да мәселелер бойынша жүгінді.