2025 жылғы 22 қыркүйекте Явленка ауылдық округінің дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Корабельникова С. В. ұжымда құқықтық сауаттылық пен қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында «Терроризм дегеніміз не? Оның түрлері, мақсаттары және қауіпсіздік ережелері» тақырыбында әңгіме өткізді.
Қатысушыларға терроризм – бұл қазіргі заманның ең қауіпті құбылыстарының бірі екені, зорлық-зомбылық пен қауіп төндіру арқылы саяси, идеологиялық немесе басқа да мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған әрекет екені түсіндірілді. Терроризмнің негізгі түрлері қарастырылды: саяси, діни, кибертерроризм және басқалары.
Террористік актілердің мақсаттарына ерекше назар аударылды – қоғамда үрей туғызу, тұрақсыздық орнату, белгілі бір идеялар мен талаптарды таңу.
Сондай-ақ, қатысушыларға теракт құрбаны болмауға көмектесетін қарапайым қауіпсіздік ережелері еске салынды:
адамдар көп жиналатын жерлерде мұқият болу;
жеке заттарды қараусыз қалдырмау және иесіз заттарға күдікпен қарау;
төтенше жағдай кезінде сабыр сақтап, құқық қорғау органдарының нұсқауларын орындау.
Мұндай алдын алу іс-шаралары азаматтардың қырағылығын арттыруға, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған.