«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі есебі

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі  есебі

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі есебі

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы  31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген, өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2025 жылы Бөліммен 15 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру
  2. Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну
  3. Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу
  4. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру
  5. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру
  6. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы
  7. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру
  8. Тұрғын үй сертификаттарын беру
  9. Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау
  10. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруды келісу
  11. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару
  12. Ағаштарды кесуге рұқсат беру
  13. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану
  14. Тұрғын үй көмегін тағайындау
  15. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту

2025 жылдың ішінде бөліммен барлығы 245 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру - 12 қызмет.

- Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну – 93 қызмет.

- Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу – 72 қызмет.

- «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы – 68 қызмет.

Бөлім көрсететін барлық қызметтер тегін.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында, бөлім ғимаратында көрнекі ақпараты бар стендтер (стандарттар, көрсетілетін қызметтердің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініш үлгілері) орналастырылған. Осыған ұқсас ақпарат бөлімнің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Бөлімнің стендтері мен сайтындағы ақпарат үнемі жаңартылып отырады.

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 2 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, халықты қамту 50-ден астам адамды құрады, сондай-ақ бөлімнің 1 қызметкері біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Барлық мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V ҚР Заңымен бекітілген стандарттарға сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2025 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдануда. Халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында, 2025 жылы жұмыс электрондық режимде көрсетілген мемлекеттік қызметтерді ұлғайтуға, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуды танымал ететін түсіндіру іс-шараларына, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде халықпен тікелей жұмыс істейтін мамандармен мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заңнаманы сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын, оқыту семинарларын жүргізуге бағытталатын болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат:

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

 

Бөлім басшысының м.а.                                                                                                        А.Сасықов