19 наурыз-жаңару күні

19 наурыз-жаңару күні

Бүгін Есіл ауданының мектептерінде жаңару күніне арналған «Адал азамат» сынып сағаттары өтті. Бұл күн жаңа саяси дәуірдің басталуының және елдегі ауқымды өзгерістердің символына айналды.

Іс-шараларға оқушылар, педагогтар және мектептің өзін-өзі басқару өкілдері қатысты. Сынып сағаттары аясында ұйымдастырылды:

✅ Пікірталас алаңдары – адалдық, азаматтық жауапкершілік құндылықтарын және жастардың ел дамуындағы рөлін талқылау.

✅ Жобалық жұмыс-оқушылар мектеп өмірі мен әлеуметтік белсенділікті жақсарту бойынша идеяларын ұсынды.

✅ Интерактивті әңгімелер – Қазақстанның маңызды реформалары мен жетістіктері туралы бейнероликтерді қарау және талдау.

Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында патриотизм, азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және қоғам өміріне белсенді қатысуға деген ұмтылысты қалыптастыруға көмектеседі.