«Дарынды жас инженер» республикалық байқауының аудандық кезеңі

«Дарынды жас инженер» республикалық байқауының аудандық кезеңі

17 қыркүйек күні ауданда «Дарынды жас инженер» республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – дарынды білім алушыларды анықтау және қолдау, олардың инженерлік ойлау қабілетін, техникалық және құрастырушылық дағдыларын, шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ инженерлік-техникалық бағыттар мен заманауи технологияларға қызығушылығын арттыру.

Осындай іс-шараларды өткізу өскелең ұрпақтың зерттеушілік, жобалық және техникалық құзыреттерін дамытуға, командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға және ғылыми-техникалық шығармашылыққа қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.