Шомылу маусымы

Шомылу маусымы

2026 жылғы шомылу маусымының басталуына байланысты балалардың судағы қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Жаз мезгілінде өзен-көлдер мен су айдындарында орын алатын қайғылы жағдайлардың саны артады. Мұндай оқиғалардың басты себебі — ересектердің бақылауының болмауы және қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы.

Құрметті ата-аналар! Балаларды су жағасында ешқашан қараусыз қалдырмаңыздар. Қауіпті жағдай бірнеше секундтың ішінде орын алуы мүмкін. Балалар тек арнайы жабдықталған, құтқарушылар кезекшілік ететін орындарда ғана шомылуы тиіс. Оларға алысқа жүзуге, бейтаныс жерде сүңгуге және суда қауіпті ойындар ойнауға рұқсат бермеңіздер.

Жүзе алмайтын немесе нашар жүзетін балаларға құтқару кеудешелері мен жүзуге арналған құралдарды пайдалану міндетті. Ересектер балаларға судағы тәртіп ережелерін үнемі түсіндіріп, өздері де қауіпсіз демалыстың үлгісін көрсетуі қажет.

 Балалардың кешкі уақытта ересектерсіз су айдындарының жанында жүруіне тыйым салынады.

Балалардың қауіпсіздігі — баршамыздың ортақ міндетіміз. Тек бірлескен әрекет арқылы ғана қайғылы жағдайлардың алдын алып, балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі көңілді етуге болады.