«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауының облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу ережесі
- Жалпы ережелер
- Осы ереже мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдерінің арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауының облыстық кезеңін (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу ретін, қатысу шарттарын, сондай-ақ жеңімпазды, жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
- Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
- Байқаудың міндеті – мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдерін анықтау, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыру.
- Байқауды ұйымдастыру тәртібі
- Байқауды ұйымдастырушы – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма).
- 5. Байқауды өткізу туралы хабарландыру 2026 жылғы 1 сәуірге дейін Басқарманың интернет-ресурсы мен әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаларына орналастырылады.
- 6. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
- 7. Қазылар алқасы үміткерлерді бағалау платформасы арқылы анықтайды.
- 8. Қазылар алқасының құрамына 3 адамнан тұратын филолог мамандар кіреді.
- Байқауға қатысу тәртібі
- Байқауға облыстың аудандарында, Петропавл қаласында іріктеуден өткен, мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері қатысады.
- 10. Республикалық кезеңге қатысуға өтінім (аудан, қала 1 адам) тіл саласына жауапты құзыретті органның бірінші басшысының қолымен ұсынылуы тиіс.
- 11. Байқауға қатысу үшін 2026 жылғы 15 сәуірге дейін «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауының облыстық кезеңі байқауына деген белгімен қол қойылған және сканерлеген өтінімді келесі құжаттармен бірге жолдайды: 1) осы ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтінім; 2) әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook, TikTok) #memlekettiktil хештегімен жарияланған, жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып әзірленген аудиовизуалды өнім сілтемелерімен; 3) өз саласында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған жоба;
- 12. Ереженің 11-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін Байқауға қатысу үшін ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.
- 13. Байқауға ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды.
- 14. Байқау нәтижесі бойынша марапаттау рәсімі 2026 жылы мамыр айында Петропавл қаласында өтеді.
- Байқау кезеңдері
- 15. Байқау екі кезеңнен тұрады:
1) «Үздік цифрлы контент» – жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып әзірленген, әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook, TikTok) #memlekettiktil хештегімен жарияланған сапалы әрі мазмұнды аудиовизуалды өнім;
2) «Қазақ тілін үйренудегі тиімді әдістер» – қазақ тілін меңгеруге арналған тиімді әдістерді көрсетуге, жеке тәжірибесімен бөлісуге және қазақ тілін күнделікті өмірде және кәсіби ортада қолдануды арттыруға бағытталған нақты жоба;
- Аудиовизуалды өнімге қойылатын талаптар
- 16. Аудиовизуалды өнімге мынадай талаптар қойылады:
1) ұзақтығы 2 минуттан 3 минутқа дейін кемінде бір видео;
2) контент мемлекеттік тілде ұсынылуы тиіс;
3) материал әлеуметтік желілерде ашық қолжетімді болуы қажет;
4) авторлық құқық талаптары сақталуы тиіс.
- Жобаға қойылатын талаптар
- 17. Байқауға ұсынылатын жобалар төмендегі бағыттардың бірі бойынша әзірленуі керек:
1) қазақ тілін күнделікті өмірде немесе кәсіби ортада қолдануды арттыруға бағытталған бастамаларды ұсыну;
2) қазақ тілін меңгеруге арналған тиімді әдістерді ұсыну;
3) қазақ тілін үйренудегі жеке тәжірибеге негізделген әдістерді ұсыну.
- Бағалау өлшемшарттары
- 18. Байқау материалдары мына өлшемшарттар бойынша бағаланады:
1) тақырыпқа сәйкестік;
2) ақпараттың өзектілігі, нақтылығы және шынайылығы;
3) мәселені талдау тереңдігі;
4) материалды ұсыну шеберлігі;
- Байқау қорытындысы туралы
- 19. Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы дипломдар және Басқарма бекіткен жүлде қоры мөлшерінде қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Қалған қатысушылар алғысхаттар және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.
- 20. Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері туралы ақпарат Байқау аяқталғаннан кейінгі 3 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсына орналастырылады. Байланыс телефондары: 8(7152) 361044.
«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауының облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу ережесіне қосымша нысан
«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауының облыстық кезеңіне қатысуға өтінім
- Т.А.Ә.__________________________________________________________
- Жасы___________________________________________________________
- Жұмыс орны ____________________________________________________
- Лауазымы_______________________________________________________
- Мекенжайы______________________________________________________
- 6. Байланыс телефондары (ұялы) _____________________________________
- 7. Фото __________________________________________________________
- 8. Қосымша ақпарат ________________________________________________
- 9. Қоса ұсынылуы тиіс: фото (эл.нұсқада), жеке куәліктің көшірмесі.
Қолы Күні