Мекеме қызметкерлері арасында декларация тапсыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Мекеме қызметкерлері арасында декларация тапсыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы, әдеп жөніндегі уәкілінің 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес, 13 наурыз 2025 жылы Актау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс жасау бөлімі басшысының қатысуымен ұжымдағы мемлекеттік қызметшілерге «Кірістері мен мүлкі туралы» 270.00 нысанды декларация тапсыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету мақсатында семинар өткізілді.

Семинар барысында Кірістер органның қызметкеріне тексеру комиссиясының қызметкерлері тарапынан Кірістері мен мүлкі туралы декларациясын тапсыру бойынша көкейінде жүрген сұрақтары қойылып, тиісті деңгейде жауаптар мен мәліметтер алынды.