Қазақстан мен Иранның жоғарғы аудит органдарының делегациялары Душанбеде кездесу өткізді

Қазақстан мен Иранның жоғарғы аудит органдарының делегациялары Душанбеде кездесу өткізді

Қазақстанның Жоғарғы аудиторлық палатасының мүшесі Тілеген Каскин Иранның Жоғарғы аудит соты төрағасының орынбасары Хассан Замани ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Келіссөздер Тәжікстанның Душанбе қаласында өткен ШЫҰ елдерінің жоғарғы аудит органдары басшыларының 7-ші кездесу аясында өтті.

Тілеген Каскин Қазақстан мен Иран аудиторларын екіжақты негізде де, сондай-ақ АЗОСАИ, ЭКОСАИ және ШЫҰ сияқты халықаралық ұйымдар аясында да көпжылдық тығыз байланыс біріктіретінін атап өтті.

Тараптар өткен жылдың қыркүйек айында Астанада өткен ЭКОСАИ Кеңесінің 28-ші отырысы мен Оқу комитетінің 23-ші отырысының маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғарғы аудиторлық палатасы 2027 жылға дейінгі кезеңге АЗОСАИ Басқарма кеңесінің мүшесі болып сайланса, Иранның Жоғарғы аудит соты – АЗОСАИ Аудиторлық комитетінің мүшесі болып сайланғаны айтылды.

«Екіжақты ынтымақтастық тұрғысынан біз үшін тиімділік аудиті, қаржылық есептілік аудиті және электрондық аудит салалары ерекше қызығушылық тудырады. Сонымен қатар біз аудит қызметіне ең озық ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын, соның ішінде үлкен деректерді талдауды енгізуге мүдделіміз», — деді ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық басым бағыт бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.