Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі тағайындалды

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі тағайындалды

Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова бүгін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындалған Михаил Бортникті ұжымға таныстырып, оған жұмысында жоғары жетістіктерге жетуіне тілектестік білдіріп, сәттілік тіледі.

Михаил Михайлович Бортник 1960 жылы дүниеге келген. Ол Павлодар индустриалдық институтында, Орта Азия университетінде білім алған, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Йель университетінде оқыған.

Еңбек өтілі: Пластмасса зауытының техникалық жабдықтарды жөндеу жөніндегі шебері (Шевченко) (1982-1985); Пластмасса зауытының Комсомол комитетінің хатшысы (1985-1986); Қазақстан ЛКЖО Шевченко қалалық комитетінің бірінші хатшысы (1986-1989); Жылумен жабдықтау бөлімінің бастығы, Пластмасса зауыты (АҚПО АҚ) бас энергетигінің орынбасары (1989-1998); Ақтау қаласы әкімінің орынбасары (1998-1999); Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары (1999-10.2008). Әр түрлі уақытта Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Сайланған лауазымдары, депутаттығы: Маңғыстау облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (04.10.2008 ж.). Қайта сайланды (10.2014 ж.); Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің мүшесі (12.2008 ж.), Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі (01.2012 ж.), Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі (17.10.2014 ж.), (04.09.2017 ж.) )

«Құрмет» орденімен (2007); «Еңбекте үздік шыққаны үшін» (1985), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

 

 

 

         Есеп комитетінің баспасөз қызметі