Жоғары аудиторлық палата Наурыз мейрамына орай салтанатты жиын өткізді

Жоғары аудиторлық палата Наурыз мейрамына орай салтанатты жиын өткізді

Бүгін Жоғары аудиторлық палата Наурыз мейрамына орай салтанатты жиын өткізді.  

Ведомство төрағасы Наталья Годунова ұжымды Наурыз мейрамымен құттықтай отырып: «Қазіргі Қазақстанда Наурыз мейрамы көктемнің мерекесі ғана емес, сонымен бірге барлық қазақстандықтарға өзіне жақын салт-дәстүрді бойына сіңіріп, жаңаруға, дамуға және өркендеуге ұмтылудың символына айналды» - деп атап өтті. ЖАП басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінде Наурыз жаңа мазмұнға ие болғанына тоқталды. Оның тұжырымдамасы қоғамдағы мәдени бірліктің, толеранттылық пен өзара түсіністіктің дамуына ықпал ететін бірегей аспектілерге ие болды.  

Жаңартылған тұжырымдама бойынша Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында тойланатын болады. Бұл кезең «Наурызнама» деп аталады. Осы онкүндіктің 10 күнінің әрқайсысының ресми атауы бар. 14 наурызда қазақ халқында Көрісу күні – Амал мерекесі деген атпен белгілі және отбасы мен қоғамды біріктіретін құндылықтарды нығайтуға бағытталған. 15 наурыз – қайырымдылық күні, 16 наурыз – мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні, 17 наурыз – шаңырақ күні, 18 наурыз – ұлттық киім күні, 19 наурыз – жаңару күні, 20 наурыз – ұлттық спорт күні, 21 наурыз – ынтымақ күні. Ал, 22 наурызда көктемгі күн мен түннің теңелетін күні Жыл басы – Жаңа жыл тойланады. Наурызнаманың қорытынды күні – 23 наурызда Қазақстанның барлық өңірінде жалпыұлттық экологиялық акциясы өтеді.

Салтанатты жиын ЖАП қызметкерлері ұйымдастырған концертпен аяқталды. Осындай игі іс-шара әріптестер арасындағы бірліктің, өзара түсіністік пен қуанышты қарым-қатынастың тамаша себебіне айналды.

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі