Жоғары аудиторлық палатада Ұлттық аттестаттау комиссиясының кезекті отырысы өтті

Жоғары аудиторлық палатада  Ұлттық аттестаттау комиссиясының кезекті отырысы өтті

Жоғары аудиторлық палатада (ЖАП) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті. 

Отырысқа ЖАП, Тексеру комиссиялары, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар, сондай-ақ өзге ұйымдар жұмыскерлерінің және жеке тұлғалар ішінен 24 кандидат қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша 9 кандидатқа мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді, 7 кандидатқа жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігі. Сонымен қатар 3 кандидатқа мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тартылды, 5 кандидатқа жоғары мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тартылды

Жоғары аудиторлық палатаның  баспасөз қызметі