Тимбилдингтер сериясы аясында 2023 жылғы 9 қыркүйекте «Tour de ЖАП» ұранымен Жоғары аудиторлық палата мен «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС-ның жұмыскерлері арасында корпоративтік веложарыс өтті.
Жарыс екі айналымнан тұрды: 6 шақырымға «Командалық веложарыс» және 10 шақырымға «Капитандық веложарыс».
Іс-шара ұйымдастырушылары – Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Рүстем Нұрпейісов және «Зерттеулер, талдау, және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС директоры Нұрлан Ыбырайым құттықтау сөзін сөйледі.
Жарыс соңында қорытындысы шығарылып, командаларды марапаттау рәсімі өтті.
Осылайша, командалық веложарыста бірінші орынды «Арыстан» командасы жеңіп алды. «Тұлпар» командасы үшінші орынды иеленді, 2- орынды «Team Sky» командасы иеленді, ал бас жүлдені «Саяхат» командасы жеңіп алды.
Команда капитандары арасындағы жарыстарда:
«Жеңіске деген ерік-жігері үшін» - «Найзағай» командасының капитаны Қуандық Жүсіпбеков;
3-орын – «Саяхат» командасының капитаны Данияр Жамбайбек;
2-орын – «Арыстан» командасының капитаны Әнуарбек Қари;
1-орын – «Team Sky» командасының капитаны Саржан Қалиуллин мүсіншемен және грамотамен марапатталды;
Бас жүлдені «Тұлпар» командасының капитаны Дәулет Қарымсақов жеңіп алды.
Сонымен қатар жанкүйерлер «Көңілді старттар» қозғалу ойындарына белсенді қатысқаны үшін спорттық құрал-жабдықтар түрінде естелік сыйлықтар алды.
Тимбилдинг тек спорттық жарысқа қана емес, сонымен қатар ұжымдағы жолдастық пен командалық рухты нығайту алаңына айналды. Барлық қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсете алды, ал жанкүйерлер өздерінің сүйікті командаларын қолдау көрсетті.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі