2022 жылғы салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қорытындыланды

2022 жылғы салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қорытындыланды

Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) отырысында 2022 жылғы салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қорытындыланды.

2022 жылы шоғырландырылған бюджетке түсетін салықтық түсімдер 21 241,7 млрд. теңгеге жетті немесе ЖІӨ-ге қарағанда 20,6% (2021 жылға қарағанда 59,4% өскен). Бұл негізінен мұнайдың орташа бағасының өсуіне (2018 жылға қарағанда 39% - ға өскен), сондай-ақ мұнай секторы кәсіпорындары кірістерінің өсуіне байланысты. 

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді артық төлеу 2 186,9 млрд. теңге мөлшерінде қалыптасты, 2021 жылмен салыстырғанда 450 млрд.теңгеге өскен.

2023 жылғы 1 қаңтарға шоғырландырылған бюджетке бересі 705,8 млрд. теңгені құрады. 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда бұрын-соңды болмаған 2,5 еседен астам өсім тіркелді. 2022 жылы бересінің мәні тағы 14,1%-ға немесе 87,0 млрд. теңгеге өсті.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің даму жоспарында салықтық бақылауды цифрландыру және бересі мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының тиімділігі бойынша нысаналы индикаторлар жоқ екені анықталды.

Мемлекеттік кірістер комитетінде ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі мен дамуы Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылады.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жоба алынған әсерді бағалаусыз аяқталды.

Толық ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында тексеру графигіне енгізу үшін салық төлеушілерді іріктеу процесі жетілдіруді талап етеді.

Мемлекеттік кіріс органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған хабарламаларға уақтылы ден қоймау фактілеріне жол беруде.

Жаңа заңды тұлғаларды тіркеу шарттарын барынша жеңілдету кейіннен оны жарамсыз деп тануға әкелетін теріс пайдалануға алғышарттар жасайды.

Мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының көрсеткіштері өндіріп алу пайызына айтарлықтай әсер ететін нақты салық төлеушілердің нәтижелеріне байланысты, ал қалыптасқан бересінің жартысына жуығын өндіріп алу перспективасы жоқ.

Оңалту және банкроттық рәсімдердің тиімділігі төмен және әлеуметтік талаптарды өтеуге және оны жүргізуге байланысты шығыстарды өтеумен шектеледі.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата 17,9 млн. теңге сомаға қаржылық бұзушылықтарды, 15,4 млн. теңге сомаға тиімсіз пайдалануды, 613,2 млн. теңге сомаға кіріс бөлігі бойынша бюджет шығынын, 23 рәсімдік бұзушылық пен 78 жүйелік кемшілікті анықтады.

Отырыс қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата Үкіметке, Қаржы, Әділет, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктеріне ұсынымдар берді. Мемлекеттік кірістер комитетіне анықталған кемшіліктерді, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі