Қазақстан жоғары аудит органының басшысы Азия Даму Банкі мен Дүниежүзілік Банк өкілдерімен кездесті

Қазақстан жоғары аудит органының басшысы Азия Даму Банкі мен Дүниежүзілік Банк өкілдерімен кездесті

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова Азия Даму Банкінің (АДБ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры Нариман Манапбековпен және Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михневпен кездесті.

Кездесулер барысында ынтымақтастық, сыртқы мемлекеттік аудитті, экологиялық аудитті, АТ-аудитті, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділік аудитін, сондай-ақ қаржылық есептілік аудитін жетілдіру және дамыту мәселелері талқыланды.

Нәтижесінде тараптар Білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы шеңберінде одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаласты.

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі