АЗОСАИ-дың экологиялық аудит жөніндегі жұмыс тобының 9-отырысы аяқталды

АЗОСАИ-дың экологиялық аудит жөніндегі жұмыс тобының        9-отырысы аяқталды

2023 жылғы 23-24 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (ЖАП) ұйымдастыруымен Азия жоғары аудит органдары ұйымының экологиялық аудит жөніндегі жұмыс тобының (АЗОСАИ ЭАЖТ)  9-отырысы өтті.

Экологиялық аудит – кез келген елдің экологиялық қауіпсіздік жүйесіндегі маңызды құрал. Осы салада жоғары аудит органының (ЖАО) рөлі өте маңызды.

Семинар барысында 16 шет елден келген 30-дан астам жоғары кәсіби маман, АЗОСАИ ЭАЖТ мүшелері экологиялық аудит жүргізудің әдіснамасын жетілдіру және жаңа әдістерін әзірлеу саласындағы білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара аясында «Green Vision» сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. АЗОСАИ ЭАЖТ Хатшылығы Индонезияның ЖАО-сын екінші «Green Vision Awards 2023» жеңімпазы деп жариялап, жоғары аудит органдарын байқауға қатысуға шақырды.

АЗОСАИ ЭАЖТ төрағасы, Қытай ЖАО Бас аудиторының орынбасары Ли Фен мырза Вьетнам ЖАО жүзеге асыратын «Меконг өзені бассейніндегі су ресурстарын басқару» АЗОСАИ ЭАЖТ бірлескен аудиторлық жобасын және Тайланд ЖАО жүзеге асыратын «Климаттық қаржыландыру аудиті» АЗОСАИ ЭАЖТ зерттеу жобасын іске асыру барысы туралы айтып берді. 

Отырысқа қатысушылар жаңа бірлескен аудиттер мен зерттеулерді бастау туралы ұсыныстарды талқылады, сондай-ақ АЗОСАИ ЭАЖТ және оның басқа да өңірлік бөлімшелерінің қызметі туралы есепті тыңдады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы тексеру комиссияларының презентациялары ұсынылды.

Іс-шара соңында АЗОСАИ ЭАЖТ-ның 2023-2024 жылдарға арналған жұмыс жоспары бекітілді, сондай-ақ келесі, 10-шы жұмыс отырысының өтетін орны айқындалды.

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі