2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік инфрақұрылым жүргізу қағидаларына толықтырулар енгізілді

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік инфрақұрылым жүргізу қағидаларына толықтырулар енгізілді

2022 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген нысаналы трансферттердің мақсатына сай және тиімді пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізілді.

Мемлекеттік аудит барысында 1,3 млрд теңге сомасында қаражатты мақсатсыз пайдалану және орындалмаған жұмыс көлемі үшін 4,3 млрд теңге сомасында ақы төлеу фактілері анықталды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына әкеп соққан инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жеке инвесторлардың міндеттемелерін орындамағаны үшін мемлекетке келтірілген шығындарды өтеу түріндегі жауапкершілікті регламенттеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Бизнес объектілері құрылысының аяқталуына кепілдік беретін және жобаларды іске асырудың тиімділігін арттыруға ықпал ететін құрылыс жобаларының әзірлігін кемінде 30% деңгейінде белгілеу жолымен кәсіпкерлердің жобаларын іріктеу өлшемшарттарын көздейтін 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы қаулысымен толықтырулар енгізілді.

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі