2020 жылғы қазанда «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының іске асырылу барысының тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Аудит барысында жеке тұрғын үй құрылысын дамыту жер учаскелерін бөлу тәсілдерін қайта қараусыз, тек тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу арқылы тұрғын үйге қолжетімділік мәселелерін шешуге ықпал етпейтіні анықталды.
Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігіне халықтың тығыздығына және өңірлердің қала құрылысы жағдайларына байланысты жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер учаскелерінің алаңдарын айқындауға сараланған тәсілді қолдану арқылы жер учаскелерін беру тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
2023 жылғы 5 сәуірде ҚР Жер кодексіне халықтың есептік саны жиырма мың адамнан асатын елді мекендердің егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары немесе бас жоспарлары болмаса, құрылыс үшін жер учаскелерін беруге тыйым салуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Тыйым салу халық саны жиырма мың адамға дейінгі егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарларға (немесе олардың саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамыту мен салудың оларды алмастыратын схемасына) қатысты, сондай-ақ инженерлік желілер болмаған жағдай да.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі