Есеп комитетінің Төрағасы Литваның Ұлттық аудит офисімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Есеп комитетінің Төрағасы Литваның Ұлттық аудит офисімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтім жатқан INTOSAI халықаралық жоғары аудит органдары ұйымының XXIV конгресі шеңберінде Есеп комитетінің Төрағасы Наталья Годунова Литваның Үлттық аудит офисімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Наталья Годунова өз сөзінде «Литва Республикасының Ұлттық аудит офисінің халықаралық аудиторлық қауымдастықтардың белсенді мүшесі, мемлекеттік аудитті сәтті жүзеге асыратын институт ретіндегі көп жылдық тәжірибесі біз үшін өте маңызды» деп атап өтті.

Өз кезегінде Литваның Бас аудиторы Миндаугас Мацияускас мырза Есеп комитетінің өзара тәжірибе алмасу және тренингтер өткізу туралы бастамасын қолдап, әлеуметтік аудит, балабақшалар мен мектептер аудиті, сондай-ақ аудит әдіснамасымен алмасу саласындағы тәжірибемен алмасуды ұсынды.

Сонымен қатар Ұлттық аудит офисі Есеп комитетінің деңгейі бойынша тең аудит жүргізу бастамасын және алдағы жылдары Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторлары үшін семинарлар өткізуді қолдады.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі