Есеп комитетінің Төрайымы Тайланд Комиссарларымен кездесті

Есеп комитетінің Төрайымы Тайланд Комиссарларымен кездесті

Бразилияда Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымының (INTOSAI) конгресі шеңберінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова Таиланд Комиссарлары Юпин Чаланонниват ханыммен және Орапин Фонсьюван Сабируп мырзамен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында Наталья Годунова өз сөзінде ИНТОСАИ, АЗОСАИ-дың белсенді мүшесі және мемлекеттік аудитті сәтті жүзеге асыратын институт ретінде Таиландтың жоғары аудит органының (ЖАО) тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытты.

Таиландтың ЖАО Есеп комитетінің өзара тәжірибе алмасу және АТ-аудиті және қаржылық аудит саласында тренингтер өткізу туралы ұсынысын қолдады.

Тараптар Есеп комитетінің қызметкерлеріне лектор ретінде Таиландтың Бас аудиторы офисінің, сондай-ақ офис жанында жұмыс істейтін зерттеу және аудиторларды оқыту институтының жоғары білікті сарапшыларын тартуға уағдаласты.

Сонымен бірге, екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою арқылы халықаралық қатынастарды жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі