Есеп комитетінде Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің 10-шы отырысы өтті

Есеп комитетінде Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің 10-шы отырысы өтті

Бүгін, 2022 жылғы 23 қыркүйекте, Есеп комитетінің басшысы Наталья Годунованың төрағалығымен Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің 10-шы отырысы өтті.

Іс-шараға Қаржы министрлігінің, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің өкілдері, өңірлік тексеру комиссияларының төрағалары, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің ішкі аудит қызметтерінің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының 2021 жылғы қызметін бағалау қорытындылары, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүргізу әдіснамасын жетілдіру бойынша тәсілдер, ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шаралары, сондай-ақ тексеру комиссияларының қызметі бойынша мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында республикалық бюджеттің атқарылу сапасына парламенттік бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Ол үшін Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палатаға қайта құруды ұсынды, оның төрағасы жылына екі рет депутаттар алдында есеп беруі тиіс.

Отырыс барысында Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палатаға қайта құру бойынша және халықаралық Жоғары аудит органдарының ең қолайлы практикаларын бейімдей отырып, мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша бірыңғай құжатқа көшу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар ішкі аудит қызметінің (ІАҚ) жұмысын бюджет заңнамасының бұзылуын уақтылы анықтауға және алдын алуға мүмкіндік беретін аудитті алдын алуға қайта форматтаудың орындылығын атап өтті. Осыған байланысты Қаржы министрлігінің ІАҚ қызметін жетілдіру жөніндегі нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Отырыс қорытындысы бойынша ақпараттық жүйелердің тиімді өзара іс-қимылы және аудит объектілеріне шығуды және оның өкілдерімен тікелей байланысты азайту арқылы сыбайлас жемқорлық үшін жағдайларды  болдырмау бойынша алдын алу шараларын қабылдаудың маңыздылығы атап өтілді, сондай-ақ тексеру комиссияларына анықталған бұзушылықтарды жою және 2022 жылдың қорытындысы бойынша ағымдағы көрсеткіштер мен бағалау өлшемшарттарын арттыруды қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі – бұл Есеп комитетінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган, оның қызметі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы өзекті проблемаларды, заңнаманы бірыңғай қолдануды алқалық талқылау арқылы аудит органдарының өзара тиімді іс-қимылына бағытталған. Үйлестіру кеңесі жұмыс жоспарына сәйкес жылына 2 рет өткізіледі.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі