Есеп комитетінің қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

Есеп комитетінің қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін, 2022 жылғы 17 қыркүйекте, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қызметкерлері «Бірге таза Қазақстан» жыл сайынғы қысқы кезеңге дайындық және жасыл желектерді отырғызу бойынша жалпы қалалық экологиялық айлық, сондай-ақ «Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day 2022)» жыл сайынғы экологиялық акциясы шеңберінде жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Акцияның мақсаты – табиғатты сақтаудың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі