Мемлекетік мүлік және жекешелендіру комитеті әрекет етпейтін үш заңды тұлғаның қызметін тоқтату бойынша шаралар қабылдады

Мемлекетік мүлік және жекешелендіру комитеті әрекет етпейтін үш заңды тұлғаның қызметін тоқтату бойынша шаралар қабылдады

2019 жылғы сәуірде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қызметінің жекелеген бағыттары бойынша мемлекеттік тиімділік аудитін жүргізді.

Мемлекеттік аудит барысында Әділет министрлігінің деректерімен салыстыру нәтижелері бойынша мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың саны бойынша ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (ММЖК) деректерімен сәйкессіздіктер анықталды.

Осыған байланысты, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне комитеттің деректерін мемлекет қатысатын заңды тұлғалар бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің деректер базасындағы мәліметтермен сәйкестендіру бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Бүгінде ММЖК Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің әрекет етпейтін  үш заңды тұлғасының қызметін тоқтату бойынша шаралар қабылдады.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі