Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдады

2020 жылғы желтоқсанда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит барысында қоғамдық мониторингпен жыл сайын бір мемлекеттік орган бойынша мемлекеттік қызметтердің екіден аспайтын түрі қамтылатыны анықталды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне қоғамдық мониторингпен қамтылатын мемлекеттік қызметтер санын арттыру бөлігінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жүйесін жетілдіру бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жетілдіру шеңберінде қоғамдық мониторингпен қамтылатын мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту бөлігінде (пікіртерімге қатысушылардың іріктемесін ескере отырып) Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, электрондық үкіметтің сайтында "Ашық диалог" платформасында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша онлайн-сауалнама орналастырылған (https://m.egov.kz/survey).

Есеп комитетінің баспасөз қызметі