ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары тәртіптік жауапкершілікке тартылды

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары тәртіптік жауапкершілікке тартылды

2022 жылғы мамырда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит қорытындысы бойынша салық, кеден және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау бойынша тапсырма берілді.

Осыған байланысты, Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Қаржымині МКК мен оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының жауапкершілігін қарау қорытындысы бойынша 6 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. ХҚР және камералдық бақылауды пысықтау бойынша қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының 29 лауазымды адамы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі