Есеп комитетінің нұсқамаларын орындау бойынша қабылданған шаралар туралы

Есеп комитетінің нұсқамаларын орындау бойынша қабылданған шаралар туралы

2020 жылғы наурызда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті "KEGOC" АҚ активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді, оның қорытындысы бойынша тарифтерді бекіту кезінде ескерілген тарифтік сметалар шығындарының баптары мен инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамау фактісі бойынша уақытша өтемдік тариф енгізу жөнінде шаралар қолданбау анықталды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетіне тарифтік сметалар шығындарының баптарын орындамау, 2017-2018 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама іс-шараларын орындамау фактісі бойынша, "KEGOC" АҚ-ның 2017 жылға арналған реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтік сметаларды орындау туралы есепті қайта қарау бойынша уақытша өтемдік тариф енгізу, сондай-ақ "KEGOC" АҚ-ның 2017 жылға арналған реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтік сметаларды орындау "KEGOC" АҚ-ның 2017-2018 жылдардағы реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтік сметалардың орындалуы туралы есепті реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуге жатпайтын шығындарды қосу тұрғысынан қайта қарау бойынша шаралар қабылдауға тапсырма берілді.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін электр энергиясын беру бойынша, электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру бойынша, 2022 жылғы 1 маусым мен 2023 жылғы 31 мамыр аралығындағы кезеңде электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге уақытша өтемдік тарифтер бекітілді. Уақытша өтемдік тарифті бекіту кезінде ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, 2016-2020 жылдар кезеңіндегі тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептердің қорытындылары бойынша негізсіз алынған кіріс ескерілді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі