Квазимемлекеттік сектордың ірі холдингтері мемлекеттік қаражатты пайдаланудың ашықтығын арттыру бойынша шаралар қабылдады

Квазимемлекеттік сектордың ірі холдингтері мемлекеттік қаражатты пайдаланудың ашықтығын арттыру бойынша шаралар қабылдады

Есеп комитеті мемлекеттік қаражаттың тиімділігіне бағалау жүргізу кезінде мемлекеттік аудит органдары үшін банк құпиясына қол жеткізу құқығын нормативтік бекіту мәселесін бірнеше рет көтерді.

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің бұл ұстанымын қолдады.

Осыған байланысты, 2022 жылғы 13 қаңтарда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Мемлекеттік аудит органдарына банк құпиясын ашуға мемлекеттік қолдау алатын тұлғалардан келісім алу қағидаларын қабылдады.

Бұл құжат Ұлттық қор мен республикалық бюджет қаражатын қоса алғанда, мемлекеттік қаражатты пайдаланудың ашықтығын арттыруға бағытталған.

Осы Қағидаларға сәйкес Қор тобының компаниялары мен олардың контрагенттері мемлекеттік қолдау алған кезде мемлекеттік аудит органдарына банк құпияны ашуы тиіс.

Бұл «түпкілікті алушыға дейін» қағидаты бойынша жүргізілетін мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін бағалау сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін осындай шешімдерді «Зерде» АҚ және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ холдингтері де қабылдаған болатын.

Сонымен қатар, Үкімет Мемлекет басшысының «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және квазимемлекеттік сектордың басқа да субъектілерін трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша жұмыс жүргізуде.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі