Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы маусымда жер ресурстарын ұтымды басқаруды қамтамасыз ету, пайдалану және қорғау, сондай-ақ геодезия және картография саласында жер ресурстарын басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудит барысында жергілікті атқарушы органдармен тиісті өзара іс-қимылдың болмауы салдарынан жер-кадастрлық кітапқа және бірыңғай мемлекеттік жер тізіліміне деректерді енгізу толық көлемде жүзеге асырылмағандығы анықталды.
Осыған байланысты, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ кадастрлық деректерді толық ұсыну мақсатында жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастық тәртібін әзірлеп, бекітті.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі