Бүгін 2021 жылғы 21 қазанда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова ұжымға Есеп комитетінің жаңа мүшесі Расул Рахимовты таныстырып, оған жаңа жұмыс орнында үлкен жетістіктер мен табыс тіледі.
Расул Рахимов 1978 жылғы 29 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келді. Ол «Болашак» халықаралық стипендиясының түлегі, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарында білім алды.
Индустрия министрлігінің жүйесінде, БҰҰДБ-ның қоршаған ортаны қорғау және энергетика бағдарламаларының үйлестірушісі, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Орнықты даму департаментінің басшысы, Ұлттық инновациялық қордың басқарушы директоры қызметтерін атқарды.
2018 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі