«Жаңа тарихи шындық жағдайындағы мемлекеттік аудит жүйесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

«Жаңа тарихи шындық жағдайындағы мемлекеттік аудит жүйесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы 10 қыркүйекте онлайн-форматта Есеп комитетінің 25 жылдығына арналған «Жаңа тарихи шындық жағдайындағы мемлекеттік аудит жүйесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Іс-шараға 22 елдің Жоғары аудит органдарының басшылары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, ИНТОСАИ, ЕВРОСАИ, АЗОСАИ, ЭКОСАИ халықаралық ұйымдарының, БҰҰДБ, АДБ, BIG 4, жоғары оқу орындарының өкілдері шақырылды.

Конференция шеңберінде Пленарлық сессия жоспарланып отыр, оның модераторы Есеп комитетінің Төрайымы - Н.Н. Годунова болады.

Конференцияның жұмысы алты секциядан тұрады:

- Ұлттық экономикалардың тұрақты даму мақсаттарын басқарудағы және оған қол жеткізудегі Жоғары аудит органдарының рөлі;

- Жаһандану және Қазақстан экономикасын жаңғырту дәуірінде сыртқы мемлекеттік аудит органдарының рөлін арттырудың заманауи аспектілері;

- Төтенше жағдайларға аудит жүргізудегі Жоғары аудит органдарының рөлі және COVID-19 сын-қатерлері;

- Мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруда ішкі және сыртқы аудиттің өзара іс-қимылы;

- Экономиканы ақпараттандыру жағдайындағы мемлекеттік аудиттің өзекті мәселелері;

- Аудиторлардың кәсібилігі және мемлекеттік аудит саласындағы кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері.

Конференцияға қатысты барлық сұрақ бойынша l.kashimova@esep.gov.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.