«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарға қатысты дивидендтік саясаты бекітілді

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарға қатысты дивидендтік саясаты бекітілді

2021 жылғы мамырда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит барысында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да қаржылық тұрақтылығы қалыпты бола тұра акционерлерге 300 млн. АҚШ доллары сомасына дивиденд түрінде одан әрі бөлу мақсатында Қарыз қаражатын тарту туралы шарт жасасқаны анықталды. Осыған байланысты «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-қа ведомстволық бағынысты ұйымдардың дивидендтер төлеу үшін қарыздар тартуын тоқтату және қолда бар пайданы дивидендтер төлеуге басымдықпен бөлу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) Басқармасының шешімімен ҚМГ дивидендтерін төлеудің негізгі шарттары айқындалған ҚМГ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарға қатысты дивидендтік саясаты бекітілді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі