«Алматы электр станциялары» АҚ-ға және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ға өтемдік тарифтер енгізілді

«Алматы электр станциялары» АҚ-ға және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ға өтемдік тарифтер енгізілді

2020 жылдың қыркүйегінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның еншілес ұйымдары активтерінің басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Мемлекеттік аудит барысында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мен «Алматы электр станциялары» АҚ қызметінде реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетумен байланысты емес шығындарды қосу түрінде бірқатар бұзушылықтар анықталды:

- сомасы 49,6 млн.  теңгеге әкімшілік - басқару персоналын оқыту, мүшелік жарналарды төлеу, тимбилдинг өткізу;

- сомасы 7,3 млн. теңгеге бөгде ұйымдардың консультациялық және басқа қызметтері.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне:

1) «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ға реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетумен байланысты емес: жалпы сомасы 49,6 млн. теңгеге әкімшілік - басқару персоналын оқыту, мүшелік жарналарды төлеу, тимбилдинг өткізу шығындарын қосуы тұрғысынан уақытша өтемдік тарифін енгізу;

2) «Алматы электр станциялары» АҚ-ға сомасы 7,3 млн. теңгеге реттеліп көрсетілетін  қызметтерге  байланысты емес (бөгде ұйымдардың консультациялық және басқа қызметтері) шығындарды қосуы тұрғысынан уақытша өтемдік тарифін енгізу бойынша шаралар қабылдау тапсырылған болатын.    

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау мақсатында «Алматы электр станциялары» АҚ тұтынушыларға толық көлемде қайтарды. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 27,9 млн. теңге сомасында ішінара қайтарды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі