«Астана қаласында ЖЭО-3 салу» жобасын іске асыру бойынша жұмыс қайта басталды

«Астана қаласында ЖЭО-3 салу» жобасын іске асыру бойынша жұмыс қайта басталды

2020 жылдың қазан айында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Нұр-Сұлтан қаласын дамытуға, соның ішінде дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит барысында ЖЭО-3 құрылысы жобалау-сметалық құжаттаманы түзету үшін 2018 жылдан бері тоқтатылғандығы анықталды. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне «Астана қаласында ЖЭО-3 салу» жобасын іске асыру бойынша жұмысты қайта бастау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Ағымдағы жылы «Астана қаласында ЖЭО-3 салу» жобасын іске асыруға республикалық бюджеттен 5 млрд. теңге бөлінде. Биылғы мамыр айынан бастап «Астана қаласында ЖЭО-3 салу» жобасы бойынша жұмыс қайта басталды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі