Есеп комитетінде Бас прокуратураның Тексеру комиссияларының қызметін тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынысын қарау жөнінде кеңес өтті

Есеп комитетінде Бас прокуратураның Тексеру комиссияларының қызметін тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынысын қарау жөнінде кеңес өтті

ҚР Республикалық бюджетінің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде 2021 жылы 2 маусымда Бас прокуратураның облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қызметін тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынысын қарау жөнінде мәжіліс өтті.

Прокуратураның аумақтық органдары ағымдағы жылғы қаңтар – наурыз аралығында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнаманың және Кәсіпкерлік кодекс нормаларының сақталуы мәніне тексеріс жүргізді. Бұл іс-шара 2019 - 2020 жылдарды қамтыды.

Бейнеконференция байланыс режимінде өткен кеңеске Есеп комитетінің қызметкерлері, Бас прокуратураның өкілдері, мәслихат хатшылары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының тексеру комиссияларының төрағалары қатысты.

Кеңестің қорытындысы бойынша Тексеру комиссияларының төрағаларына Есеп комитетіне қабылданған шаралар туралы ақпарат бере отырып, анықталған бұзушылықтарды және оларға ықпал еткен себептерді жою бойынша шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ Тексеру комиссияларының қызметін үйлестіру бойынша жұмысты күшейту, соның ішінде Тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық және әдіснамалық базасын одан әрі жетілдіруді жалғастыру туралы шешім қабылданды.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі