Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлеріне халықаралық біліктілік беру туралы

Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлеріне халықаралық біліктілік беру туралы

Сыртқы мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру жөніндегі жобаны іске асыру аясында биылғы наурыз айында Есеп комитетінің және өңірлік тексеру комиссияларының 32 қызметкері Ұлыбританияның Сертификатталған мемлекеттік қаржы және бухгалтерлік есеп институты (CIPFA) бағдарламасының келесі екі модулі бойынша оқудан өтті:

1) Аудит және сенімділікті растау (Audit and Assurance).

2) Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (Diploma in International Public Sector Accounting Standards) сәйкес Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік.

           

Қатысушылардың барлығы емтихандарды сәтті тапсырып, өткен оқу нәтижелері бойынша білімдерін растады. 

Бүгін оларға CIPFA Public Auditor халықаралық біліктілігін беру туралы тиісті сертификаттар, сондай-ақ DipIPSAS қоғамдық секторы үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша дипломдар табыс етілді.

 

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін сыртқы мемлекеттік аудит жүйесінің 168 қызметкері сертификатталды.