Мәжіліс бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша  заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Жақында өткен жалпы отырыста Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Аталған заң жобасы барлық деңгейдегі шығыстардың ашық және тиімді бюджеттік жоспарлауын қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың әлеуметтік және экономикалық әсерін айқындауға бағытталған.

Заң жобасында Есеп комитетінің ұсынымдары, соның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нұсқамасы шығарылғаннан кейін 3 айдан кешіктірмей заңнамада айқындалған мақсаттарға пайдаланылмаған нысаналы аударым сомаларын тиісті бюджетке қайтару мәселелері бойынша ұсынымдар ескерілген.