МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТОР БІЛІКТІЛІГІН ИЕЛЕНУГЕ ҮМІТКЕР АДАМДАРДЫ СЕРТИФИКАТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТОР БІЛІКТІЛІГІН ИЕЛЕНУГЕ ҮМІТКЕР АДАМДАРДЫ СЕРТИФИКАТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылғы 6 сәуірде Есеп комитетінде Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.

Ұлттық комиссияның мүшелері олардың кәсіби  және әдептілік қасиеттеріне баға берді.

Есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ басқа ұйымдардың қызметкерлері арасынан 31 үміткермен сұхбат жүргізілді.

 Кездесу қорытындысы бойынша 10 үміткерге жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді, 12 үміткер мемлекеттік аудитор, 1 кандидат ішкі мемлекеттік аудитор, 8 кандидат мемлекеттік аудитор біліктілігінен бас тартылды.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі