«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ ғимараттар мен құрылыстарға түгендеу жүргізу бойынша шаралар қабылдады

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ ғимараттар мен құрылыстарға түгендеу жүргізу бойынша шаралар қабылдады

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылдың бірінші тоқсанында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның және оның еншілес компанияларының республикалық бюджет қаражатын және квазимемлекеттік сектор активтерін пайдалануының тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-да (ҚИҚ) жүргізілген аудит барысында мүлікті жалдау шартын жасаспай беру фактісі анықталды, осыған байланысты ҚИҚ-қа ғимараттар мен құрылыстарға бөгде жеке және заңды тұлғалардың оларды азаматтық-құқықтық мәміле жасаспай пайдалануы тұрғысынан түгендеу жүргізу бойынша шаралар қабылдау, анықталған фактілер бойынша жалдау шартын жасасу тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасына сәйкес ҚИҚ мүлікке бөгде жеке және заңды тұлғалардың оларды азаматтық-құқықтық мәміле жасаспай пайдалануы тұрғысынан түгендеу жүргізді. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 14 объекті бойынша 10 жалдау/сенімгерлік басқаруға беру шарты және 1 жалдау шартына қосымша келісім жасалды, 6 жалдау шарты қайта жасалды.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі