Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Есеп комитетінің нұсқамасын орындау бойынша шаралар қабылдады

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Есеп комитетінің нұсқамасын орындау бойынша шаралар қабылдады

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның республикалық бюджет қаражатын және квазимемлекеттік сектор активтерін пайдалануының тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит барысында қарыз алу құрылымында мемлекеттік қаржыландыру үлесін азайту бойынша қойылған міндетке қарамастан, Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының жарғылық капиталын республикалық бюджет есебінен толықтырудың жалғасып отырғаны анықталды.

Бұл ретте, республикалық бюджет қаражатының едәуір бөлігі оларды ЕДБ-ның және Ұлттық Банктің депозиттері мен ағымдағы шоттарына орналастыру арқылы Холдингтің еншілес ұйымдарын және ЕДБ-ны  ағымдағы күтіп ұстауды қамтамасыз ету үшін пассивті кіріс ретінде пайдаланылған.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129 бұйрығына жарғылық капиталды толықтыруға бағытталған бюджет қаражатын игеру кезеңін нақтылау, сондай-ақ бюджеттік кредиттерді игеру мерзімдерін қысқарту бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасына сәйкес «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе  түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау  қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №31 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2021 жылғы 1 сәуірде №22448 болып тіркелген) Инвестициялар паспортында көрсетілген іс-шараларды іске асыру кезеңі мен құнына сәйкес жарғылық капиталды толықтыруға бағытталған бюджет қаражатын игеру,  сондай-ақ қаржы жылы ішінде жобаның қажеттілігіне қарай квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржыландыру жоспарына сәйкес  қолма-қол ақшаны бақылау шотынан транштармен бюджеттік кредит беруді жүзеге асыру көзделген.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі