Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Есеп комитетінің нұсқамасын орындады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Есеп комитетінің нұсқамасын орындады

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылдың екінші жартыжылдығында Нұр-Сұлтан қаласын дамытуға, соның ішінде дағдарысқа қарсы іс-шараларға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит барысында «Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс бөлімі» ММ «№23-31, 23-16, 23-17, 23-30, А98 көшелер қиылысының ауданында көппәтерлі тұрғын үй салу» объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі азайған кезде авторлық қадағалау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын сомасы 137,1 мың теңгеге түзетпеген.  Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне жалпы сомасы 137,1 мың теңгені бюджет кірісіне өтеу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасына сәйкес, «АстанаТехстройэксперт» ЖШС-дағы мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша бюджет кірісіне 137,1 мың теңге өтелді.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі