«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы» АҚ өз қызметкерлерін тәртіптік жауаптылыққа тартты

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы» АҚ өз қызметкерлерін тәртіптік жауаптылыққа тартты

2021 жылғы ақпанда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы» АҚ және оның еншілес ұйымдары активтерінің басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғаны анықталды, осыған байланысты «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы» АҚ-ға 2021 жылғы 26 ақпанға дейін лауазымды қызметкерлердің жауаптылығын қарау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасын іске асыру үшін 15 лауазымды адам және 13 жауапты қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тартылды, оның ішінде 26 адам (13 лауазымды адам және 13 маман) «сөгіс» түріндегі және 2 лауазымды адам «ескерту» түріндегі жазаларды алды.

 Бұдан басқа, «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдары Есеп комитетінің аудиторлық қорытындысында көрсетілген ескертулерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі