Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің делегациясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдары (ЖҚБО) басшылары кеңесінің XIX сессиясының жұмысына бейнеконференция режимінде қатысты.
2021 жылғы 26 наурызда 20 жылда алғаш рет ТМД-ға мүше мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдары басшылары кеңесінің (бұдан әрі - Кеңес) COVID-19 пандемиясы жағдайында тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ЖАО-ның рөлі мәселелеріне арналған кезекті XIX сессиясы бейнеконференция форматында өтті.
Сессияға Әзербайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Армения Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы жоғары қаржылық бақылау (мемлекеттік аудит) органдарының бірінші басшылары мен өкілдері, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің өкілдері қатысты.
Сессияның ашылуы Кеңес Төрағасының символын Ресей Федерациясы Есеп палатасының басшысы А.Л. Кудриннен Тәжікстан Республикасы Есеп палатасының төрағасы К. Чиллазодаға келесі кезеңге салтанатты түрде тапсырумен басталды.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін, есептілігін және ашықтығын арттыруға жәрдемдесуде ЖАО-ның маңызды рөл атқаратыны белгілі, бұл ұлттық даму мақсаттары мен басымдықтарына және халықаралық деңгейде келісілген даму мақсаттарына қол жеткізуде аса маңызды болып табылады.
Есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақан Кеңес мүшелерінің алдында сөз сөйлей отырып, Қазақстан Республикасында ТДМ индикаторларын енгізу процестері, соның ішінде «Стратегия-2050» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы айтты.
«Пандемия тұрақты дамуға ұмтылу жолында көптеген жанама кедергілерді тудырды, бірақ бұл ретте 2030-күн тәртібіндегі ТДМ-да кездесетін осал әлеуметтік мәселелерді ашып берді. Бұл жоғары қаржылық бақылау органдарынан қосымша назар аударуды талап етеді », - деп атап өтті Талғат Жақан өз сөзінде.
Отырыс барысында Мемлекеттік қаржылық бақылау (аудит) стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының қызметі және Кеңес Хатшылығының өткен кезеңдегі атқарылған жұмыстары туралы есептер тыңдалды.
Жұмыс тобы шеңберінде екі жыл бойы бірлескен және қатар тексерулердің сапасын бақылау бойынша әдістемелік ұсынымдардың, сондай-ақ ТМД ЖҚБО-ның ақпараттық өзара іс-қимылы туралы стандарттың жобалары әзірленді, оларға бастамашылық жасаған сәйкесінше Ресей мен Қазақстан болды.
Отырыста Өзбекстан Республикасының Есеп палатасын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдары басшыларының кеңесіне қабылдау туралы мәселе де шешілді.
Талқылау мен пікірталас нәтижесінде тиісті шешімдер мен Кеңестің XIX сессиясының қарары қабылданды, сонымен қатар ТМД-ға қатысушы мемлекеттер кеңесінің ХІХ және ХХ сессиялар арасындағы кезеңге арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Анықтама ретінде: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдары басшыларының кеңесі 2000 жылы ТМД-ға мүше мемлекеттердің ЖҚБО арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, олардың өзара іс-қимылын үйлестіру және тәжірибе алмасу мақсатында құрылды.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі