Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылы «Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ («АТСП» ҰК» АҚ) активтерінің басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді. Естеріңізге сала кетейік, порт акцияларының 100%-ы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның (ҚТЖ) сенімгерлік басқаруында.
Аудиттің қорытындысы бойынша ҚТЖ-ға «АТСП» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мынадай шараларды орындауын қамтамасыз ету тапсырылды: порт басқармасының басшысы мен мүшелеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру шарттарын айқындау, олардың жұмысының уәждемелік түйінді көрсеткіштерін (ПІК) бекіту, компания қызметін талдау негізінде ішкі аудит қызметі мен ДК комитеттерін құру.
Есеп комитетінің тапсырмаларын орындау шеңберінде «АТСП» ҰК» АҚ ДК шешімдерімен»:
- Компанияның басшы қызметкерлері мен корпоративтік хатшысына еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру қағидалары бекітілді, Басқарма мүшелері мен төрағасына еңбекақы және сыйлықақы беру шарттары айқындалды;
- аудит, жоспарлау, тағайындау және сыйақы және басқа да мәселелер бойынша компанияның ДК комитеттері құрылды;
- порттың Басқарма мүшелері мен Төрағасының ПІК бекітілді. Сондай-ақ, 2020 жылға олардың орындалуы туралы есептер бекітілді, онда ПІК орындаудың қол жеткізілген нәтижелеріне байланысты сыйақының шекті мөлшерлері айқындалды.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі