МЖӘ шеңберінде жоспарланатын жобаларды талдаудың толықтығы бөлігінде Есеп комитетінің тапсырмасы орындалды

МЖӘ шеңберінде жоспарланатын жобаларды талдаудың толықтығы бөлігінде Есеп комитетінің тапсырмасы орындалды

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, соның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру тиімділігін талдау және бағалау қорытындылары туралы» аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктеріне «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ-мен бірлесіп, МЖӘ шеңберінде жоспарланатын жобаларға олардың шығындарының үлгілік жобалардың құнымен салыстырмалылығы және қажет болған кезде шығыстарды қысқарту не іске асырудан бас тарту жөнінде шешімдер қабылдай отырып, орындылығы тұрғысынан талдау жүргізу тапсырылды.

Түркістан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарының және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері МЖӘ шеңберінде жоспарланатын жобаларды талдаудың толықтығы бөлігінде тапсырманы орындады.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі