Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне функционалдық шолулар жүргізу тетігін айқындау бойынша шаралар қабылданды

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне функционалдық шолулар жүргізу тетігін айқындау бойынша шаралар қабылданды

Есеп комитетінің республикалық бюджет қаражатының және квазимемлекеттік сектор активтерінің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша тапсырмасын орындау үшін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне функционалдық шолу жүргізді, оның нәтижелері бойынша «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ны «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға қосу, сондай-ақ тұрғын үй операторларының санын қысқарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сондай-ақ, 2020 жылдың 29 желтоқсанында квазимемлекеттік сектордың 736 ұйымын бәсекелес ортаға беруді көздейтін Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспары бекітілді.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі