ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары үшін мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының XVI отырысы өтті

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары үшін мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының XVI отырысы өтті

2021 жылы 16 ақпанда Есеп комитетінің мүшесі К.Ф. Плотниковтің төрағалығымен бейнеконференция режимінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдарының мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының XVI отырысы өтті, оған Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей жоғары қаржы бақылау органдарының (ЖҚБО) өкілдері қатысты.

Отырысқа Жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, талқылау үшін бірлескен, қатар бақылау және сараптамалық-талдау іс-шараларының сапа бақылауын жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың және «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖАО ақпараттық өзара іс-қимыл жасауы» стандартының жобалары шығарылды.

Ресей Федерациясының Есеп палатасы әзірлеген бірлескен, қатар бақылау және сараптамалық-талдау іс-шараларының (аудитінің) сапа бақылауын жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың жобасы ЖАО лауазымды адамдарының, сондай-ақ тартылған ұйымдар мен сарапшылардың бірлескен және қатар
іс-шараларды (аудитті) ұйымдастыру мен өткізудің барлық кезеңінде стандарттар және өзге де ішкі нормативтік құжаттар, ЖАО арасында жасалған келісімдер талаптарын сақтауына тексеруді регламенттейді.

«ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖҚБО ақпараттық өзара іс-қимыл жасауы» стандартының жобасын Қазақстан Республикасының Есеп комитеті сыртқы мемлекеттік бақылау (аудит) мәселелері бойынша  бірыңғай ақпараттық кеңістік, тәжірибе, құжаттар алмасу жүйесін құру арқылы ынтымақтастық тиімділігін арттыру мақсатында әзірледі.  

Отырыс барысында Молдова Республикасының Есеп палатасы дайындаған әртүрлі елдердің ЖҚБО инвестицияларға аудит жүргізу тәжірибесі бойынша жалпыланған талдамалық ақпарат талқыланды, сондай-ақ Жұмыс тобының        2021-2023 жылдарға арналған жұмыс жоспарының жаңа жобасы мақұлданды.

 

Анықтама ретінде:

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдарының мемлекеттік қаржылық бақылау (аудит) стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдарының басшылары кеңесінің 2010 жылдың қыркүйегінде Ереванда (Армения Республикасы) өткен Х сессиясының шешімімен құрылды. Есеп комитеті құрылған күннен бастап Жұмыс тобына төрағалық етеді.