Есеп комитетінің «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-не қатысты тапсырмалары орындалды

Есеп комитетінің «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-не қатысты тапсырмалары орындалды

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары активтерінің басқарылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін «Бірінші жел электр станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

- қызметкерлердің орташа жылдық санын және активтердің жалпы құнын ескере отырып, Жарғыны Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес келтірді («Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының 2020 жылғы 24 шілдедегі шешімі);

- бухгалтерлік есепті 16 ХҚЕС (IAS) талаптарына сәйкес жел энергетикалық қондырғыларының құрамдас бөліктерін компоненттік есепке алуды енгізу арқылы келтірді;  

- жалпы сомасы 12.5 млн. теңгеге шығарылған және құнсызданған компоненттер бойынша негізсіз есептелген амортизацияны есептен шығаруды жүргізді.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі